The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Қайтарылған активтер: Алматы облысында 26 аурухана салынады

Қайтарылған активтер қаражатына Алматы облысында 26 медициналық мекеме салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым нысандары сияқты маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.

Осы жұмыстар аясында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында, Іле ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Іле ауданының прокуроры қатысты.

Жаңа медициналық нысан алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетуге қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған Соның арқасында Көктөрек ауылының 2000-нан астам тұрғыны аудан орталығына бармай-ақ, сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады.

Бас прокуратураның мәліметінше, жалпы, Алматы облысында қайтарылған қаражат есебінен 29 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 26-сы – денсаулық сақтау мекемелері. Алматы облысының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып, оларды қоғам қажеттіліктеріне бағыттайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Құрметті Түркістан облысы тұрғындары назарына, жіберіп алмаңыз!

admin

Страшное ДТП со смертями произошло на трассе в Актюбинской области

admin

ТҮРКІСТАН: бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысынан, жұмысқа қайта орналасу, оқу грантына қатысты түйткілдер де айтылды

admin