Жаңа бюджет жоспары: 2026 жылы кіріс артады

0

Мәжіліс депутаты Татьяна Михайловна Савельева республикалық бюджеттің алдағы жоспарына қатысты баяндама жасады. Оның айтуынша, 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы жаңа Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес әзірленіп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасына сәйкес:

  • Бюджет кірістері 2026 жылы 4,7 трлн теңгеге ұлғайып, 19,2 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.
  • Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2,7 трлн теңге көлемінде бөлінеді.
  • Нысаналы трансферттер республикалық бюджетке көзделмеген.
  • 2026 жылғы жалпы шығыстар көлемі – 27,7 трлн теңге болады деп күтілуде, бұл мемлекеттік қаржы жүйесінде белгіленген шектерден аспайды.
  • 2026 жылы бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 2,5%-ы деңгейінде белгіленіп, 2028 жылы бұл көрсеткіш 0,9%-ға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Бұл бюджет жобасы жаңа Бюджет кодексіне сай әзірленіп, кеңейтілген қосымшалар топтамасын қамтиды. Сонымен қатар, жаңа экономикалық көрсеткіштер енгізілген. Бұл Парламенттің бюджетті басқару және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін бақылау мүмкіндіктерін арттыра түседі, — деді депутат Савельева.


ПІКІР ЖАЗУ