Өңірлерге қоныс аударатындарға 4,5 млн теңгеден беріледі

0

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аударуды ынталандыру үшін жаңа қолдау тетіктері енгізілгенін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты беріледі. Оның мөлшері шамамен 4,5 млн теңге. Соңғы үш жылда 6 мың отбасы еңбек күші жетіспейтін аймақтарға қоныс аударған, олардың жартысынан көбі осындай сертификат алған.

Қабылдаушы өңірлерде қоныс аударушыларды жеке сүйемелдеу жүйесі іске қосылған. Биылдың өзінде 6 мыңнан астам адам осы қызметтерді пайдаланған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жерін конкурстан тыс алу мүмкіндігі берілді. Материалдық көмекті есепке алу үшін ашық шоттардан қаражат өндіруге тыйым салынды. Енді көшу кезінде материалдық көмекке электронды түрде жүгінуге болады, — деді Светлана Жақыпова.

Жаңа тетіктің арқасында 13 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Сонымен қатар, министрлік шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын кезең-кезеңімен азайтып келеді. Соңғы 5 жылда олардың саны 25 мыңнан 17 мыңға дейін қысқарды.

Жақыпованың айтуынша, бұл шаралар әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, қолдауға мұқтаж азаматтардың мүдделерін қорғауға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, елімізде зейнетақы мен жәрдемақы енді «пропискасы» барларға ғана төленуі мүмкін екенін жазған едік.


ПІКІР ЖАЗУ