The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алдағы көктемде картоп бағасы 185 теңгеден аспайды

 Қазақстанда картоп бағасы 2026 жылдың көктемінде 185 теңгеден аспайды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Картоп және көкөніс өсірушілер одағымен жасалған меморандум аясында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, биыл картоп өнімі 2,7 млн тоннаға жетеді деп күтілуде. Жылдық қажеттілік – 2 млн тонна. Қыркүйектің басына дейін 840,2 мың тонна өнім жиналған. Қазір егістіктегі баға 90–120 теңге/кг аралығында, ал бөлшек саудада орташа баға бір апта ішінде 3,9%-ға төмендеп, 194 теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, картоп экспортына қойылған шектеу 28 шілдеде алынып тасталғанымен, ел ішіндегі тапшылық тәуекелдерін болдырмау үшін қатаң бақылау жалғасады.

Меморандумға сәйкес, қараша айында картоптың сату бағасы 145 теңгеден аспайды, ал көктемде сақтау шығындары ескеріліп, ең жоғарғы баға 185 теңге деңгейінде белгіленеді.

Сонымен қатар, «Арал тұз» АҚ-мен тұз бағасын 18%-ға төмендету (100 теңгеден 82 теңгеге дейін) және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен жұмыртқаның шекті бағасын 55 теңге/дана деңгейінде ұстап тұру туралы келісім жасалған.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Офицерлер құрамы аттестациядан өтуде

admin

Ордабасы: аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Жамбыл ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті

admin

Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйытқы болуымен 281 жиналыс ұйымдастырылыпты

admin