The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы әуежайында шу шығарған Ақтау прокурорына қызметтік тергеу басталды

Алматы әуежайында масаң күйде жанжал шығарған Ақтау прокуроры Ерболат Абдировқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Маңғыстау облысы прокуратурасы қызметтік тергеу бастағанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдиров Алматы әуежайында мас күйінде жанжал шығарып, ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға прокурордың еңбек демалысы кезінде болған. Құқық қорғау органдары Абдировқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 1-бөлігі («Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе масаң күйде жүру») және 434-бабы, 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық: қоғамдық орындарда балағат сөз айту, азаматтарға тиісу және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырған, — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысына сәйкес, қызметкерге қатысты тиісті шара қабылданады.

Айта кетейік, ресми деректерге қарағанда, Ерболат Абдиров прокуратура органдарында 20 жыл еңбек еткен.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасы аудандық орталық ауруханасы заманауи құрылғылармен толықты

admin

Төлеби: оқушылар толыққанды білім алуы үшін құрылыс жұмыстары қауіпсіз, сапалы жүргізілуін тапсырды

admin

Отырар: Шәмші тойы – қазақ тойы

admin