“Тұрмыстық тұтынушылар үшін емес”: Алматы электр энергиясының қымбаттауына қатысты түсініктеме берілді

0

Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті қоғамдық тыңдауларда талқыланған электр энергиясы тарифінің көтерілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тариф бойынша шешім тек қана экономикалық тұрғыдан негізделген есептер мен құжаттар арқылы расталған деректерге сүйене отырып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды міндетті түрде ескере отырып қабылданады. Алдын ала шешімге сәйкес, тек өз қажеттіліктері үшін электр энергиясын пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифтің көтерілуі күтілмейді, – деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Ведомство әлеуметтік тұрғыдан осал және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегі қарастырылғанын еске салды. Ол жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетіледі.

Егер отбасының жиынтық коммуналдық шығыстары жалпы табыстың 5%-нан асып кетсе, онда айырмашылықты әкімдіктердің бюджеті есебінен өтеу қарастырылған, – деді департаментте.

Сондай-ақ, түпкілікті шешім 25 қыркүйектен ерте қабылданбайтыны айтылды.

Аталған күнге дейін ұсынылған негіздемелерді талдау, сондай-ақ қоғамдық талқылаулар барысында түскен ұсыныстар мен ескертулерді ескеру жұмыстары жалғасуда, – деді ведомствода.

Еске салайық, Алматыда қазаннан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін екенін жазған едік.


ПІКІР ЖАЗУ