The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

«Отбасы банк» қазаннан бастап онлайн төлемдерге шектеу қояды

2025 жылдың 1 қазанынан бастап «Отбасы банк» жалдау және ипотека төлемдеріне қатысты онлайн операцияларды шектейді. Төлемдер тек жұмыс күндері 9:00-17:00 аралығында бөлімшеде немесе «Баспана Маркет» порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді мұндай төлемдер тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін ғана жүргізіледі. Клиенттер операцияларды «Отбасы банк» бөлімшелерінде жеке өзі немесе «Баспана Маркет» порталының жеке кабинеті арқылы, қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда рәскей алады.

Банк мәліметінше, «Баспана Маркет» порталында онлайн өтінім берген кезде операцияны қарау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды. Осыған байланысты клиенттерге өтінімді соңғы сәтке қалдырмай, алдын ала рәсімдеу ұсынылады.

Аталған операциялар тек жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, «Баспана Маркет» порталының жеке кабинетінде жүргізілген операцияларды қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайтынын хабарлаймыз. Просрочканың алдын алу үшін төлемдерді осы мерзімді ескере отырып, алдын ала орындауыңызды сұраймыз, – деп мәлімдеді банк баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы ұлттық санақтың ІІ кезеңін өткізуге толық дайын

admin

Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген ауыл

admin

ТҮРКІСТАН: жауынгерлердің әскери дайындығы пысықталды

admin