2026 жылдан бастап кім әлеуметтік қолдау алады? – Тізім жарияланды

0

 Қазақстанда әлеуметтік көмек алатын азаматтардың жаңа санаттары бекітілді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында мемлекеттік қолдауға құқығы бар негізгі топтар айқындалды. 

Бұйрықта әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілетіні көрсетілген.

Жаңа тәртіп бойынша жәрдемақыны мына санаттағы азаматтар алады:

  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтерді пайдаланушылар;
  • зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
  • 18 жасқа толмаған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне кіретін дертке шалдыққан азаматтар;
  • айналаға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;
  • екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленген ауруға шалдыққан тұлғалар;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын азаматтар.

Еске салсақ, Қазақстанда арнайы мемлекеттік жәрдемақыны кім ала алатыны жайлы да жаздық. Келесі жылы жәрдемақы қанша теңгеге өсетіні жайлы да жаздық.


ПІКІР ЖАЗУ