The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Астанада халықаралық құсбегілер турнирі басталды

Елорда іргесіндегі Софиев ауылында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық құсбегілер турнирі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық дәстүрді жаңғыртып, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Қазақстаннан бөлек, Моңғолия, Ресей, Түркия және Қырғызстаннан келген 60 құсбегі қатысуда.

Бүркітшілер арасындағы алғашқы сын екі бағдарлама бойынша өтті: құсты қолға шақыру және шырғаға салу. Бұл бәсекеге 47 бүркіт тіркелді.

Ертең турнирдің жартылай финал және финалдық кезеңдері өтеді. Қатысушылар бүркіт, ителгі және қаршыға жарыстарында бақ сынайды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етіледі.

Жүлде қоры бас демеуші – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» (Sport Qory) есебінен қаржыландырылған.

Турнирді ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, «Республикалық құсбегілік федерациясы» және Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Халықаралық дода құсбегілік өнерін насихаттап қана қоймай, шетелдік және қазақстандық спортшыларға тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 700-ге жуық кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілген

admin

Т. Дүйсенова әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесті

admin

Шымкентте кәсіпорын озық технологиялардың арқасында сапалы өнім шығаруда

admin