The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Испандық журналистер мен блогерлер «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының алдында «Шымбұлаққа» барды

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар 15 испандық журналист пен блогер келді. Олар УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы алдағы матчты жария ету үшін ат басын бұрды. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады.

Сапар аясында шетелдік қонақтар Алматының туристік және мәдени әлеуетімен танысу үшін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды.

Журналистер мен блогерлер испан тілін еркін меңгерген алматылық блогер әрі полиглот Мәди Фазылға жолбасшы болуды өтінді. Оның көмегімен қонақтар Алматының атмосферасын жақынырақ сезініп, қаланың ерекше колоритін ашты.

Мұндай сапарлар Алматыны халықаралық деңгейде ілгерілетуге, қаланың туризм, спорт және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: төлебилік балалар демалыс аймағына барды

admin

ШЫМКЕНТ: «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының «Ашық микрофон» жобасы

admin

Шымкент: шағын несие алуға 300-ден астам жас өтініш білдірді

admin