Қазақстанда доллар бағамы өсіп жатыр

Қазақстанда доллар бағамы қымбаттап, 547,57 теңгеге жетті. Айырбастау пункттерінде доллар 549 теңгеден сатылып жатыр. Еуро мен рубль бағамы да өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы қайтадан жоғарылады.
3 қазан күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының құны 547,57 теңгені құрап, тәулік ішінде 0,58 теңгеге қымбаттады.
Елдегі айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 549-549,5 теңгеден сатылып, 548-548,5 теңгеден сатып алынуда.
Еуроның орташа сатып алу бағасы 640-643 теңге, сату бағасы 644-647 теңге аралығында.
Ал ресей рублі 6,6-6,65 теңгеден сатып алынып, 6,69-6,73 теңгеден сатылып жатыр.
Мамандардың айтуынша, валюта нарығы әлі де жаһандық және ішкі экономикалық факторларға байланысты құбылып тұр.