Алдағы үш жыл бойы зейнетақы өседі

0

Қазақстанда 2026-2028 жылдар аралығында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Бұл туралы 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, “Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру” бағыты бойынша шығындар көлемі төмендегідей болады:

  • 2026 жылы – 6,83 триллион теңге,
  • 2027 жылы – 7,51 триллион теңге,
  • 2028 жылы – 8,09 триллион теңге.

Бұл қаражат мына мақсаттарға жұмсалады:

  • “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы әрі толық төлеу;
  • Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жүргізу;
  • Мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеу;
  • Әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу;
  • 1,5 жасқа дейін бала күтімімен отырған ата-аналар үшін зейнетақы жарналарын субсидиялау.

Орташа зейнетақы мөлшері:

  • 2026 жылы – 103 687 теңге,
  • 2027 жылы – 108 940 теңге,
  • 2028 жылы – 113 995 теңге.

2026 жылдан бастап Базалық зейнетақы көрсеткіші:

  • ең төменгі базалық зейнетақы – күнкөріс минимумының 70 пайызы,
  • ең жоғарғысы – 118 пайызы болады.

Ал 2027 жылдан бастап ең жоғары базалық зейнетақы 120 пайызға жетеді.

Сәйкесінше, орташа базалық зейнетақы мөлшері:

  • 2026 жылы – 54 082 теңге,
  • 2027 жылы – 58 276 теңге,
  • 2028 жылы – 61 527 теңге болады деп жоспарланған.

ПІКІР ЖАЗУ