The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматылықтарды жылу тарифтерінің қымбаттауы күтіп тұр ма

Алматы тұрғындары үшін жылу тарифтері көтеріле ме деген сұраққа “Алматы жылу желілері” ЖШС директоры Алтай Рахимбетов жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Коммуналдық кәсіпорын бұл мәселені монополияға қарсы комитеттің қарауына шығаруды жоспарлап отыр.

Жылу электр станциялары мен “Алматытеплокоммунэнерго” тарифті көтерді. Сондай-ақ электр энергиясы бойынша да тариф өсті. Сол себепті бұл мәселені монополияға қарсы комитеттің қарауына жібереміз, ал әрі қарай шешім сол жерде қабылданады, – деді Рахимбетов.

Оның айтуынша, қазіргі тариф кәсіпорынның шығындарын жаппайды.

2024 жылы жылу энергиясын есептеу құралдары бар жеке тұлғалар үшін сараланған тарифтер енгізілетіні хабарланған болатын.

Айта кетейік, Алматыда жылыту маусымы 8 қазанда басталды. Алдымен жылу балабақшаларға, мектептер мен медициналық мекемелерге берілді. Тұрғын үйлерді қосу 10 қазаннан басталмақ.

Тағы оқыңыз: Алматы жылыту маусымына дайын ба және қала қандай мәселелерге тап болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда болашақ АЭС пайдалану үшін жеткілікті кадрлық әлеует бар

admin

Мектеп жәрмеңкесі өтті

admin

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда жалпы сыйымдылығы 1560 орындық 7 жаңа балабақша пайдалануға беріледі.

admin