The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

“7-20-25” ипотекасы 2026 жылы жалғаса ма?

“7-20-25” мемлекеттік ипотекалық бағдарламасы шарттардың күшейтілуіне қарамастан, қазақстандықтар арасында сұранысын жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылдың басталғалы қазақстандықтар жалпы сомасы 75,5 млрд теңгеге 4 293 жеңілдетілген несие рәсімдеген. Бұл жылдық лимиттің шамамен 75 пайызын құрайды.

Бағдарлама жоспар бойынша жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап IV тоқсанға арналған лимит енгізілді. Келесі жылы қатысушылар үшін оң өзгерістер күтілуде, – деді Тұрақтылық қорының бас менеджері Айбар Олжаев.

Қорда әзірге қандай өзгерістер болатыны нақтыланбады.

“7-20-25” қандай бағадарлама

• Мемлекеттік ипотекалық бағдарлама, пайыздық мөлшерлемесі – 7%, бастапқы жарна – 20%, мерзімі – 25 жылға дейін.
• Тек пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйді сатып алуға болады.

Тұрғын үйдің ең жоғарғы бағасы:

• 25 млн теңгеге дейін – Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау және олардың маңайында.
• 20 млн теңгеге дейін – Қарағанды, Түркістан.
• 15 млн теңгеге дейін – басқа өңірлерде.

Қатысушының және оның жұбайының атына 18 ай бойы тұрғын үй тіркелмеуі керек. Бағдарлама бойынша пәтерді тек бір рет алуға болады.

Бағдарламадағы өзекті мәселелер

• Баға шектеулеріне сай келетін жаңа тұрғын үйлердің жетіспеушілігі;
• Банктер лимит бойынша өтінім қабылдайды, сондықтан кезек бірнеше айға созылуы мүмкін;
• Бағдарламаға жылына 100 млрд теңге бөлінеді, бұл шамамен 6 мың несиеге жеткілікті.

“7-20-25” бағдарламасы бойынша несиені отандық жеті банк береді.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде жылу орталықтарын жөндеуге қанша қаржы бөлінеді

admin

Қазақстан СІМ басшысы Анталиядағы форум аясында бірқатар кездесу өткізді

admin

Түркістандағы қуаңшылық астық өнімділігіне қалай әсер етті?

admin