The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Қазақстан футбол құрамасын кім басқаруы керек? Отандық па, әлде шетелдік маман ба?

Депутат Магеррам Магеррамовтың пікірінше, Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасын отандық жаттықтырушы басқаруы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол қазіргі уақытша бас бапкер Талғат Байсуфинов команданың жұмысын сәтті жалғастыра алады деп есептейді.

Менің ойымша, бізге отандық жаттықтырушы қажет. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты түсініктеме алу үшін футбол федерациясына жүгінген жөн, себебі ол жерде кәсіби мамандар жұмыс істейді. Ал Талғат Байсуфиновқа келсек, мен әрдайым оған сенім арту керек деп айтып келемін. Біздің бапкерімізге мүмкіндік беру керек, өйткені ол нәтиже үшін жан-тәнімен жауапты. Байсуфинов өз жұмысын жалғастыруы тиіс, – деді депутат.

Оның айтуынша, биыл ұлттық құраманың ойынында оң өзгерістер байқалады.

Биыл құраманың ойынында өзгерістер бар, бұл сезіледі. Командаға жас ойыншылар келіп жатыр. Өкінішке қарай, біз “ұрпақ ауысуының” сәтін сәл өткізіп алдық, бұл үдерісті ертерек бастау керек еді. Байсуфинов сол реформаны бастаған, бірақ аяқтауға үлгермеді. Кейін оны Әли Әлиев жалғастырды, нәтижесі де бар – командадағы өзгеріс анық байқалады, – деді ол.

Сонымен қатар депутаттың пікірінше, футболшыларға физикалық дайындық пен жылдамдық жетіспейді.

Біздің ойыншыларға тәжірибе, физикалық төзімділік және допсыз ойнау дағдылары жетіспейді. Кейде допты қабылдау мен өңдеу кезінде де қателіктер байқалады. Бірінші таймда жақсы ойнайды, бірақ кейін шаршап қалады. Демек, дайындық тәсілдерін қайта қарау керек. Бұл жағдай клубтарда да байқалады. Мысалы, “Қайрат” ойынды белсенді бастайды, бірақ қарсылас жылдамдықты арттырғанда қарқынын ұстай алмай қалады, – деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Қалада тамыз айына дейін 1-сыныпқа 25 005 бала қабылданды

admin

Шымкент — на вопросы переписи населения ответил 40 791 человек

admin

Шенеунік мемлекеттік пәтерлерді арзан бағаға туыстарына үлестірген

admin