The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Таза ауланың — тынысы көп

Дәл осы ұранмен кеше дәстүрлі сенбілік жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты Рысқұлбеков, Байтұрсынов, Мәметов, Спорт шағын ауданы аулаларында жалғасты.

Тазалық шарасында аулалардағы шөп орылып, қураған ағаштар бұталанды. Сондай-ақ, аулалардың маңайы сыпырылып, қоқыстан тазартылды.

Тазалық шарасына аудан әкімдігінің қызметкерлері және табиғат жанашырына айналған 200-ге жуық қала еріктілері атсалысты.

Сенбілік шарасы Еңбекші ауданында да жалғасын тапты. «Фосфоршылар» мәдениет сарайында өткізілген сенбілікке халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары, «Жасыл ел және студенттік құрылыс еңбек жасақтарының» еріктілері, мердігер мекемелер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-ы, «Байтерек-Л.Б.» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС-ы, «Барокбаев Т.И.» ЖК, «Build Stroi» ЖШС-ы жұмысшылары қатысты.

Аталған сенбілікке 8 техника жұмылдырылып, мәдениет сарайының ағаш бұталары, 40м3 қоқыс қалдықтары шығарылып, ирригациялық жүйелер тазаланды. Аудан бойынша сенбілікке барлығы 350 адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды.

Осы орайда, қала тұрғындарын өздері тұрып жатқан жердің тазалығына немқұрайлы қарамауға, табиғатты ластамауға шақырамыз!

Ұқсас жаңалықтар

Бала өлімі. Министр елдегі барлық мектептің спорт алаңы тексерілетінін айтты

admin

Қазақстан мен АҚШ арасында локомотив өндірісі артады

admin

Түркістандық спортшы абсолютті чемпион атанды

admin