The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Бүгінде әр азамат елдің саяси өміріне еркін араласуға мүмкіндік алды – депутат

Қазақстанның XII Азаматтық форумы барысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстандағы саяси жаңғырудың нақты нәтижелерін атап өтіп, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу деңгейінің артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, соңғы жылдары елде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып, қоғамның пікір білдіру алаңдары кеңейді.

Парламент Мәжілісі классикалық көппартиялық заң шығарушы органға айналды. Өңірлерде, аудандарда қоғамдық кеңестер жұмыс істеуде, мәслихаттардың құзыреті күшейді, – деді депутат.

Ол бүгінде кез келген азаматтың саяси өмірге еркін араласуға толық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Ауыл, аудан, қала әкімдерін тікелей сайлау жүйесі орнықты. Мәслихаттарға да мажоритарлық жүйе арқылы сайлау өтіп жатыр. Жыл бойы сайлау өткізу қалыпты құбылысқа айналды, – деді ол.

Депутаттың айтуынша, мұндай өзгерістер азаматтардың ел тағдырына жауапкершілікпен қарауына және қоғамның демократиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Еске салайық, бұған дейін Елнұр Бейсенбаев «Ұлттық қор мен алтын-валюта резерві – еліміздің берік тірегі» деген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сауранда жаңа оқу жылында 4 бірдей мектеп ашылды

admin

Шымкент: жолайрықтың айналма жолы ашылды

admin

Облыс әкімінің орынбасары «TURKISTAN» телеарнасының жұмысымен танысты

admin