The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

2026 жылдан бастап елімізде не өзгереді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді. Құжат салық жүйесін жеңілдетуге және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа кодексте бірқатар маңызды өзгеріс қарастырылған:

• салық есептілігін 30%-ға қысқарту,
• салық түрлерін 20%-ға азайту,
• салық жеңілдіктерін оңтайландыру,
• дифференциалды ставкаларды енгізу,
• инвестициялық белсенділікті ынталандыру,
• сән-салтанат заттарына салық жүктемесін арттыру және басқа да өзекті бағыттар қамтылған.

Жеке тұлғаларға арналған өзгерістер

Жеке тұлғалар үшін де бірқатар жаңалықтар енгізілді. Соның ішінде:

• БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады, егер олар мұрагерлікке немесе елден тыс жерге шығуға байланысты болмаса;
• Жеңіл автокөліктерге салық мөлшері төмендетілді:
• пайдаланылғанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер үшін – 30%-ға,
• 20 жылдан асқан көліктер үшін – 50%-ға азаяды;
• І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік салықтық шегерім мөлшері 882 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Сән-салтанат заттарына жоғары салық

Жаңа кодексте жеке “сән-салтанат салығы” енгізілмейді, алайда қымбат мүлік пен тауарларға жоғары салық ставкалары қарастырылған.
• 450 млн теңгеден асатын мүлік (үш және одан көп нысан болған жағдайда) жоғары мөлшерлеме бойынша салық салынады;
• 75 млн теңгеден қымбат көліктерге, 100 млн теңгеден жоғары теңіз және әуе кемелеріне, сондай-ақ қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне жоғары акциздер қолданылады.

Мәслихаттарға жекелеген объектілердің есептік құнын 50%-ға дейін арттыру құқығы беріледі.

Еске салсақ, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексі шеңберінде енгізілетін негізгі жаңалықтарды таныстырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент әкімі Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты

admin

Түркістандық оқушылар газбен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан

admin

ТҮРКІСТАН: жұмыспен қамту – басты бағдар

admin