Алматыда суық су уақытша өшіріледі: толық тізім жарияланды

0

22 қазан күні Алматының бірнеше ықшамауданында суық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Суық су қашан және не үшін өшіріледі

«Алматы Су» компаниясының мәліметінше, су 22 қазан сағат 23:00-де тоқтатылып, 23 қазан таңғы 05:00-де қайта қосылады. Ажырату инженерлік желілерді ауыстыру және техникалық қызмет көрсету жұмыстарына байланысты жүргізіледі.

Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрап, кешірім білдірді.

Қай аудандарда су болмайды

Суық су келесі көше контурларында уақытша тоқтатылады:

• Абай даңғылы – Саин көшесі – Жандосов көшесі – Қарғалы өзені;
• Абай даңғылы – Қарғалы өзені – Шаляпин көшесі – Әшімов көшесі.

Сусыз қалатын ықшамаудандар:

• «Мамыр 1–7»
• «Атамекен»
• «Алмас»
• «Шабыт»
• «Жазира»
• «Қуаныш»
• «Таугүл» (Ықылас және Цветочная көшелері)
• «Достық» (Абай даңғылының оңтүстігі)

Су қысымы төмендейтін аймақтар

Кейбір аймақтарда су қысымы төмендейді:

• Абай даңғылы – Алтынсарин даңғылы – Шаляпин көшесі – Саин көшесі аралығы;
• 6, 7, 10а және 12-ықшамаудандар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, суға бір ауыл 100 теңге, ал басқасы 1000 теңге төлеуге мәжбүр.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда судың тарифі арзандай ма?