ШЫМКЕНТ: Қаратау аудынанда тәулік бойы рейдтік шаралар жүргізілуде

0

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қаратау ауданы аумағында мобильді топ аудан аумағында күндіз және түнгі уақытта да рейдтік іс-шараларды атқаруда.

Кезекті мониторинг барысында ауданда көптеген кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарды қатаң сақтай білсе, бірқатар нысандар шектеу шараларының талаптарын орындамай, сенбі-жексенбі күндері де жұмысын жүргізгені анықталды.

Жалпы анықталған кемшіліктерге аудандық мобильді топ тарапынан ескерту беріліп, нысан иелерінен түсініктеме алынды.
Барлық түсініктемелер арнайы шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды.

Еске сала кетсек, Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар.
Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Айта кетейік 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.


ПІКІР ЖАЗУ