The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Абай облысының бюджеті екі есеге артты

 Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны биыл да оң нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі салаларда тұрақты өсім тіркелген. Бұл туралы өңір әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, көлік саласында – 123,4%, байланыс – 106,4%, өңдеу өнеркәсібі – 101,3%, ішкі сауда – 105,9%, ауыл шаруашылығы – 102,8%, ал инвестиция көлемі – 103,1% деңгейінде артқан.

Сонымен қатар биылдың 10 айында облыстан мемлекеттік бюджетке 441,4 млрд теңге көлемінде салық және басқа да міндетті төлемдер түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 137,3% өсім көрсетеді.

Облыс құрылған кезде бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болған еді. Қазір ол екі есеге өсіп, биыл 500,9 млрд теңгеге жетті. Оның 45,4%, яғни 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды, – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, өңірде әлеуметтік жобалармен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық бағыттағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда қалалық полиорталық жобаларын әзірлеуге арналған халықаралық байқау қорытындыланды

admin

ШЫМКЕНТ: Бақша құлпынайы өндірісінің инновациялық әдістері жүзеге асырылуда

admin

А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды

admin