Тұмау өрши бастады: Биыл балалар арасында жағдайлар артқан

Қазақстанда тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандарын саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Айтуынша, жыл сайын елімізде 4 млн-ға дейін ЖРВИ және 2 мыңға дейін тұмау жағдайлары тіркеледі. Бұл қалыпты жағдай деп отыр.
Ел аумағындағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай күзгі-қысқы кезеңге тән эпидемиологиялық процестің шеңберінде дамуда. Биылғы жылдың қыркүйегінен бастап 1 278 745 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл 2024-2025 эпидемиялық маусымының осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға 14 жасқа дейінгі балалар арасында 848 761 жағдай тіркелді, — деп атап өтті бас санитар дәрігер.
Айта кетерлігі, биыл 30 қазан мен 5 қараша аралығында республикада 150 605 ЖРВИ жағдайы тіркелген.
Эпидемиялық маусымның басынан бері А (H3N2) типіндегі грипптің 304 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 173 жағдай тіркелді. Биыл тұмау циркуляциясы өткен эпидемиялық маусымға қарағанда ертерек басталғанын айта кету керек. А (H3N2) тұмау вирусы – жаңа штамм емес, жыл сайын айналымда болатын А тұмауының маусымдық субтипі. H3N2 қоздырған аурулар әдетте әр эпидемиялық маусымда кездеседі және тұмаудың әдеттегі симптомдарымен бір келеді, — деп түсіндірді Сархат Бейсенова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мамандар оқушылар онлайн сабаққа қашан көшетінін түсіндірді.








