The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Ұзындығы 600 м жол асты өткелі бөлігі салынады

Шымкент әкімі кезекті қаладағы құрылыс алаңдарын аралау барысында Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс жұмыстарын бақылады. «Ескі қалашық» аумағында құрылыстың ІІ кезеңіне сәйкес құрылыс жұмыстар жүріп жатыр. Мердігер – «Сити Строй» корпорациясы.

Қазіргі таңда мұнда жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асуда, жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі бөлігі қарастырылған.

Осы уақытқа дейін 29 жекеменшік үй және 1 кәсіпкерлік нысан бұзылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет. Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынбауы құрылыс қарқынын төмендетіп отыр.

Қала әкімі маңызды құрылыс нысандарын тұрғындарға дұрыс түсіндіре отырып, екі жақты келесіммен үйлерді мұқтаждыққа алу керектігін айтты.

Осыған орай шаһар басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: биыл Сайрамда заманауи құрама жем өңдеу зауыты іске қосылады

admin

ИГ взяло на себя ответственность за взрывы и атаку на больницу в Кабуле

admin

ШЫМКЕНТ: 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге тіс емдеу тегін

admin