Алматыда бағаны заңсыз өсірген ірі сауда желілері жазаланды

 Алматыдағы «Метро», Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз өсіргені үшін  жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, супермаркет Carefood, «Food Beverage Trading» ЖШС, «Airba Fresh» ЖШС,  «Good Luck Trade» ЖШС,  «Mix Market Trade» ЖШС және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 420-дан астам кәсіпкерлік субъектісіні әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен ҚР ӘҚБтК 204-4-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Метро»  ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Метро Кэш энд Керри» ЖШС Департамент шығарған әкімшілік шешімге барлық сот инстанцияларында, соның ішінде кассациялық тәртіппен шағымданды, бірақ нәтиже болмады, өйткені Департаменттің әрекеттері заңды.

Айта кету керек, «Метро» сауда желісі белгіленген сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке бірінші рет тартылып отырған жоқ. Бұған дейін 2024 жылы «Метро Кэш энд Керри» ЖШС сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын, сондай-ақ, Департаменттің әкімшілік шешіміне сот тәртібімен шағымданды, нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне талаптарды қанағаттандырудан, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бас тартылды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының «Small» және «Toimart» сияқты ірі сауда желілері сауда үстемесінің 15% асқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек Департамент мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды өткізген кезде, SMALL сауда желісін сот ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша, мемлекеттік бақылау функцияларын орындауы кезінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына кедергі келтіргені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазіргі уақытта үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге 32 млн теңгеден астам айыппұл салды.