The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматыда көлік жүйесін жаңғырту жеделдетіледі: 2026 жылы BRT мен LRT жобалары басталады

2026 жылы қаланың көлік жүйесін дамытуға қомақты қаражат бағытталмақ. Бұл туралы Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, бөлінетін қаражат BRT және LRT желілерін дамытуға, сондай-ақ қоғамдық көліктің өзге де түрлерін енгізуге жұмсалады. Бұл шаралар мегаполистің бүкіл көлік жүйесін жаңғыртудың негізгі тетігі болмақ.

Дархан Сатыбалды атап өткендей, қазіргі шығыстарды оңтайландырудың нәтижесінде даму бағыттарына көбірек қаржы бөлуге мүмкіндік туды. 2026 жылы экономикалық өсімді ынталандыруға 850 млрд теңге қарастырылған, бұл жергілікті бюджеттің жалпы шығындарының үштен бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: жалған полицейлер зейнеткерлерді 7 млн. теңгеге алдап кеткен

admin

ҰОС ардагерлеріне ақша беруден Қазақстан ТМД бойынша нешінші орында?

admin

Өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару акциясы: елорда тұрғындары 2,6 млрд теңге салық берешегін өтеді

admin