The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Арқалық пен Астананың арасы 354 шақырымға қысқарады

 Қостанай облысында «Орталық – Батыс» бағыты бойынша өтетін стратегиялық маңызы бар көлік дәлізінің құрылысы ресми түрде басталды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа жол Арқалық пен Астана арасындағы қашықтықты едәуір қысқартады.

Өңір басшысының айтуынша, жаңа бағыт іске қосылғаннан кейін Арқалық қаласынан Астана шаһарына дейінгі жол 354 шақырымды ғана болмақ. Қазіргі таңда тұрғындар Астанаға жету үшін 600 шақырымнан астам жол жүріп, Есіл мен Атбасар қалалары арқылы айналып өтеді. Жаңа жоба бұл бағытта тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, елдің оңтүстік өңірлеріне тікелей шығуды көздейтін «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолын жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады. Бұл жоба өңірлер арасындағы логистиканы жақсартып, жүк және жолаушы тасымалын жеделдетуге бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін өңір әкімі Торғай өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытуға 165,5 млрд теңге бөлінетінін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Отбасы – әлеуметтік институт, согдықтан «Даналық мектебін» жаңғырту керек

admin

Түркістан Түлкібаста 2000 жамағатқа шақталған мешіт ашылды

admin

Түркістан облысында өзбек компаниясының бес ірі өндіріс орны ашылады

admin