The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Астанада тағы бір әуежай салынуы мүмкін

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселені мұқият пысықтап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын. Жуырда біз елімізде толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Соның ішінде елорда әуежайына қатысты жұмыс та бар. Бірақ Қазақстанда өндірілетін авиа жанармай көлемі жеткіліксіз. Осы жағдай авиахабтарды дамытуға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан Үкімет авиа жанармай өндірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бәлкім, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек шығар. Оның артықшылығы да, кемшін тұстары да бар. Үкімет осыған қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы қажет, — деп тапсырма берді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 1 100 шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді

admin

М.Әйтенов: Халыққа денсаулық күтімінде сауатты қимыл жасаудың жолдары түсіндірілуі керек

admin

Елімізде зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді

admin