The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыдағы адам ұрлау ісі: Аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті Грузияда ұсталды

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.
Қаскүнем үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

В Алмалинском районе Алматы в рамках программы Наурызнама прошел национальный спортивный фестиваль «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ».

admin

Сайрам: «Отбасын қолдау орталығында» «ашық есік» күні ұйымдастырылды

admin

Түркістан: Жылыжайларда егін егу жұмыстары қарқынды

admin