The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

ТОП-10: Қазақстандық алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері тізіміне енді

 Қазақстандық алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері тізімінде 10-дыққа енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ATP-ға сілтеме жасап. 

Қазақстандық Александр Бублик ATP рейтингінде ондыққа көтерілді. Бублик жалпы 3065 рейтингтік ұпай жинап, рейтинг кестесінде британиялық теннисші Джек Дрейперді артқа қалдырды.

Рейтингті Испаниядан шыққан теннисші Карлос Алькарас бастап тұр. Екінші орында – италиялық Янник Синнер, ал үштікті Германиядан шыққан Александр Зверев толықтырды.

Бублик 11 қаңтарда Гонконгта өткен ATP 250 сериялы турнирін жеңіспен аяқтады. Финалда көрнекті матчта спортшы әлемнің жетінші ракеткасы Лоренцо Музеттиді 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Александр Бублик – ерлер арасындағы бірлік ойындарында әлемдік рейтингте осындай биік орынға жеткен алғашқы қазақстандық теннисші.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮркістандықтар «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасында өнер жұлдыздарының концертін тамашалады

admin

Бірқатар аймақта шомылу маусымы басталды

admin

Стоматология арқылы зейнетақы қаражатын шығарғандар жазалана ма?

admin