The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстандық жолаушылар пойыздан ұшаққа ауысып жатыр

2025 жылы Қазақстанда көліктің барлық түрімен 1,9 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ Статистика бюросына сілтеме жасап.

Жолаушылар тасымалынан кәсіпорындардың тапқан кірісі 1,5 трлн теңгені құрады. Ал жолаушылар айналымы 88,9 млрд жолаушы-километрге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,4%-ға артты.

Жолаушылардың басым бөлігі автомобиль және қалалық көлік түрлерімен тасымалданған.

2025 жылы автобус, троллейбус, такси және өзге де қалалық көлік құралдарымен 1,9 млрд жолаушы жүрген. Бұл жалпы тасымал көлемінің 98,1%-ын құрайды және өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға жоғары. Аталған бағыттан түскен кіріс 506,4 млрд теңге болды.

Теміржол көлігімен 19,4 млн жолаушы тасымалданып, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға азайған. Теміржол арқылы жолаушылар тасымалынан түскен кіріс 142,4 млрд теңгені құрады.

Әуе көлігімен 15,4 млн жолаушы тасымалданып, көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 4,8%-ға артты. Әуе тасымалдарынан түскен кіріс 918,1 млрд теңгеге жетті.

Ішкі су көлігімен 253 мың жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға көп. Осы тасымал түрінен түскен кіріс 733,7 млн теңге болды.

Жолаушылар айналымының өсуі Шымкент (32,4%) және Алматы (24,8%) қалаларында, сондай-ақ Алматы (45,2%), Түркістан (18%), Абай (15,2%), Қарағанды (14,3%), Қызылорда (13,9%), Шығыс Қазақстан (7,1%), Ақтөбе (5,2%), Жетісу (4,8%), Павлодар (4,7%), Маңғыстау (4,4%) және Батыс Қазақстан (3,9%) облыстарында тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда аңызға айналған мұз айдыны жаңғыртылып жатыр

admin

Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады

admin

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусын аралап көрді

admin