The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Реестрге тіркелу отандық кәсіпорындарға не береді?

2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды. Бұл жүйе кәсіпорындардың сенімділігін ресми түрде растайды, өндірісті локализациялауды ынталандырады және мемлекеттік қолдауға қатысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасы Азамат Панбаевтың айтуынша, қазіргі таңда кәсіпорындар реестрге кедергісіз қосылып, өз статусын растай алады.

«ALMATY TURMYSTYQTEHNIKA ZAVODY» ЖШС реестрге сәтті тіркелді. Аталған зауыт 2020 жылы құрылып, Алматы облысы, Жармұхамбет ауылында орналасқан. Кәсіпорын тұрмыстық техника өндірісімен айналысады: ас үй плиталары, қысқа толқынды пештер, кірістірілетін духовкалар мен беттер шығарады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 300 мың бірлік тұрмыстық техника, ал қызметкерлер саны – 150 адам. Жалпы инвестиция көлемі 20 млрд теңгеден асады.

Реестр – отандық өндіріс үшін сенімділік, ашықтық және мемлекеттік қолдау кепілі. Біз осы арқылы қызметкерлер санын ұлғайта аламыз. Бұл Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына және өндірістік әлеуеттің артуына ықпал етеді. Реестрге тіркелу – біздің кәсіпорын үшін сенімділікті көрсету және өндірісті дамытуға қосымша мүмкіндік, – деді компания өкілі Асылхан Амренов.

Реестр кәсіпорындарға ресми мойындау мен мемлекеттік қолдау мүмкіндігін береді, сонымен қатар отандық өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өндіріс көлемін арттыруға септігін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Шымкентте 14 жаңа кәсіпорын ашылады

admin

Түркістан: Кентаудағы жылу электр орталығын кеңейту бойынша инвестормен келіссөз жүргізілді

admin

«Бұдан басқа ама­лым қалмады»: Протезге қол жеткізу үшін қазақстандық ару қандай әрекетке барғанын айтып берді.

admin