The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Министр: Биыл жасанды интеллект бойынша мықты магистратура ашылады

Астанада өткен Qazaqstan NEXT 2026 форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл жасанды интеллект бағыты бойынша мықты магистратура іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл бағыттағы оқу бағдарламасы жаңа технологиялық өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыруға және жасанды интеллектті практикалық тұрғыда қолдана алатын мамандар даярлауға бағытталады.

Биыл жасанды интеллект бойынша өте мықты магистратура ашылады, түсіңіздер, – деді ведомство басшысы.

Ол бұл бастаманы жасанды интеллект бағытындағы кадр даярлауды күшейту және қоғамда AI құзыреттерін кеңінен қалыптастыру қажеттілігімен байланыстырды.

Бұған дейін Саясат Нұрбек генеративті ЖИ өзгерткен мамандықтарды атады.

Еске салайық, елордада жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT 2026 форумы өтті.

Айта кетерлігі, Qazcontent АҚ – форумның ресми медиасеріктесі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам: заңсыз салынған құрылыс нысандарын зерделеу туралы мәселелер талқыланды

admin

Түркістанда «Азаматтық қоғам – тұрақтылық пен бірліктің кепілі» тақырыбында семинар өтті

admin

Алматының 85 қазандығы жылыту маусымына дайын: 17 нысан қайта жаңартылды

admin