The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

«Жүргізуші куәлігі – 500 мың теңге»: Ақтөбеліктер алаяққа алданып қалды

Жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға тырысқан ақтөбеліктер алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбе қаласының үш тұрғыны жүргізуші куәлігін заңда белгіленген тәртіпті айналып өтіп, заңсыз жолмен алмақ болған. Сөйтіп, олар алаяқтың сөзіне сеніп, қомақты қаржыдан айырылып қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде берген 55 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті үш жәбірленушінің әрқайсысынан 500 мың теңгеден алып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, — деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде көлік құжаттарын заңсыз рәсімдеген әйел ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандағы жасанды көлі бар саябақтың құрылысы аяқталуға жақын

admin

Конгресс холл қазан айында пайдалануға беріледі

admin

Шымкентте ЖПҚ патрульдік полиция полкінің командирі тағайындалды

admin