The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте “Абайлаңыз, балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Шымкенттік полицейлер балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуда, – деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Балалардың жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ, олардың көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүруіне байланысты ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәкес ағымдағы жылдың 23-31 тамыз аралығында (дайындық кезеңі) және 1-9 қыркүйек аралығында (негізгі кезеңі) республика көлемінде “Абайлаңыз, балалар” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Атап айтқанда, жасөспірімдердің және жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаратын болады.
Мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарына жақын орналасқан аумақтар, яғни сол маңдағы жаяу жүргінші өтпелері мен тротуарлары, орнатылған жол белгілері, бағдаршамдар мен қоршаулардың жай-күйлеріне қосымша тексерістер жүргізіліп, балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Орталық Азия – Жапония» кезекті саммиті Қазақстанда өтеді

admin

Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы саласында 32 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған

admin

Президент Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы қабылдады

admin