The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Тараздағы қайғылы оқиға: Анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды

Таразда анасы бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген балалардың жағдайы белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінде де жабық бас-ми жарақаты және мидың жедел ісінуі анықталған. Оларға ісінуге қарсы ем жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалар жеткізілген облыстық балалар ауруханасында барлық қажетті тексерулер жасалып, лапароцентез (аз инвазивті хирургиялық процедура) орындалды.

Екі жастағы ұл балаға ота қажет емес. Ал оның төрт жастағы әпкесіне ауыр хирургиялық ота жасалмақ. Қыз балада сүйек сынықтары ығысқан жабық сан сүйегі сынуы тіркелген.

Қазіргі уақытта ауруханада балалардың жанында әкесі жүр. Туыстарының айтуынша, ол – отбасындағы жалғыз асыраушы. Балаларды балабақшаға апарып-әкеліп, мүмкіндігінше жағдай жасап жүрген де сол кісі.

Балалардың алдағы тағдырына қатысты сұраққа Тараз қаласы әкімдігінде бұл мәселені сот шешетінін мәлімдеді. Алайда соттың қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Таразда әйел екі баласын 5-ші қабат терезесінен лақтырып жібергенін хабарладық.

Балаларын терезеден лақтырған әйелге қатысты жаңа деректер жарияланды. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әйелдің бұрын ауыр депрессиялық жағдайда болғаны анықталғанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Сауран: “кемшіліктерді жоюға жұмыс жасаймыз”

admin

Тоқаев: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы тиіс

admin

Түркістанда: жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

admin