The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Қытайға жаңа әуе бағыты ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көлік министрлігі мәлім еткендей, ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Биыл 2 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады. Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде, — деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: аудан әкімі Азат Оралбаев жылыжай – кешенін дамыту жобасы бойынша шаруалармен кездесті

admin

2026 жылдан бастап елімізде не өзгереді?

admin

ЕКПЕ АЛМАСА, ҚАУІП КӨП…

admin