The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Жаңа Конституция бойынша референдумда қандай сұрақ қойылады?

Қазақстанда 15 наурызға республикалық референдум тағайындалды. Онда азаматтар жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесіне қатысты шешім қабылдайды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың №1170 Жарлығына сәйкес, биыл 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша шешім қабылдауға бағытталған республикалық референдум өткізу тағайындалған.

Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба? деген сұрақ республикалық референдумға шығарылып отыр, – деді Нұрлан Әбдіров.

Комиссия төрағасының сөзінше, «Республикалық референдум туралы» заңның 20 және 21-баптарына сәйкес, референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функциясын жүзеге асырады.

Яғни, барлық деңгейдегі комиссиялар референдумды ұйымдастыру, дайындау және өткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Еске салайық, жаңа Конституция жобасы 12 ақпанда БАҚ-та жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды

admin

Биыл Жетісай қаласында 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

admin

Биыл студенттер де дәстүрлі оқу форматында білім алуға көшірілді

admin