The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Президент Михаил Шайдоровты Олимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы спортшының мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алуын тарихи маңызы зор жетістік деп атап өтті. Президент атлеттің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігеріне ерекше тоқталып, алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша спорт жанкүйерлері мен ел азаматтары бұл айтулы жетістікті мақтан тұтатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Мемлекетт басшысы Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Президент Олимпиада чемпионына алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданындағы Қапланбек кеден бекетіне кіреберіс жол кеңейтіледі

admin

Облыста 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды

admin

Жамбыл облысында 257 су шаруашылығы нысаны жаңғыртудан өтеді

admin