ШЫМКЕНТ: 605 талапкер тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды

0

Еліміз бойынша «Елбасы медалінің» 821 иегері білім беру гранттарын алу конкурсына қатысты, оның ішінде 605 талапкер жоғары ұпай жинағанының және «Елбасы медалі» жобасының арқасында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды — деп хабарлады  Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, «Елбасы медалінің» иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұпайлары тең болған жағдайда білім беру гранттарын алуға басымдық берілді.
Гранттардың ең көп бөлігін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және Шымкенттен келген болашақ студенттер алды. «Елбасы медалінің» иегерлері және  білім грантын ұтып алғандардың көрсеткіші бойынша Шымкент өңірі 3-орынды иеленді. Ал жүлдегерлер арасында ең танымал оқу орындары — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сүлеймен Демирел атындағы Университет және Astana IT University.
«Елбасы медалі» жобасына барлығы 21 мыңнан астам бала қатысты. Оның ішінде 6 078 жастар бағдарламаны аяқтап, қола және күміс медальдарға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жоба. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

 


ПІКІР ЖАЗУ