The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Салық салудың өзекті мәселелері талқыланды

Қаржы секторына салық салу мәселелері Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен қаржы нарығы мен агроөнеркәсіптік кешенге салық салудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырысқа қатысушылардың назарына факторингтік операциялар мен банктік кепілдіктер бойынша ҚҚС есептеу тетіктері, бағалы қағаздар бойынша табыстарға салық салу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау кезінде салықты қайтару тәртібі ұсынылды.

Экономиканың нақты секторына инвестицияларды ынталандыру үшін салық нормаларын халықаралық тәжірибеге келтіру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, Жобалық кеңсе жұмысы барысында Салық кодексінің ережелерін жүзеге асыру шеңберінде кәсіпкерлердің жаңа салық режимдеріне көшуі жөніндегі деректер айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті

admin

Түркістан облысында 30 медициналық нысанның құрылысы қарқынды жүргізілуде

admin

Түркістан облысында алғашқы заманауи тірек мектебі Отырар ауданында ашылды

admin