The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

20 млн теңге шығын: Қарағанды облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Қарағанды облысында пәтер ұрыларынан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұстады. Анықталғандай, олар алдын ала сөз байласып, қылмыстарды нақты жоспарланған схема бойынша жасаған.

Жыл басында күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені күшпен бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: мәжіліс депутаты Ордабасы ауданында

admin

Арыста табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

admin

Мұқаба Жаңалықтар Ақордада төселетін кілемдер Шымкентте шығады: 500 адамды жұмыспен қамтитын отандық өндіріс

admin