The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Мұз үстіндегі панда: Михаил Шайдоровты Джеки Чан құттықтады

Ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанаудан жарқын жеңіске жеткен қазақстандық Михаил Шайдоров көпшілікті «Кунг-фу Панда» мультфильміндегі По пандасының образында қойған көрсетілімдік номерімен таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрермендер оның өнерін өте жылы қабылдады: бүкіл бағдарлама бойы қол шапалақтау толастамады.

Алайда басты тосынсый спортшыны номерден кейін күтіп тұрды. Мұз айдыны жиегінде оны аты аңызға айналған Джеки Чан қарсы алды. Актер қолына екі ойыншық панда ұстап шыққан, қазақстандық спортшыны жеңісімен құттықтап, құшақтап, жарқын образы үшін алғыс айтқан.

Шайдоровтың өзі костюммен өнер көрсету оңай болмағанын, әсіресе ыстықта секіру қиынға түскенін мойындады. Оның айтуынша, Джеки Чанның келгенін ол аренада жүргенде ғана білген, кейін барып бірге суретке түсіп, гала-шоуды тамашалауға шақырған.

Ол: «иә, әрине» деді. Бұл керемет болды! — деп бөлісті мәнерлеп сырғанаушы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жазғы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

admin

Түркістанда дойбыдан облыс чемпионаты өтуде

admin

Ет экспортынан Түркістан облысы елімізде бірінші орында тұр

admin