The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Имам ер азаматтардың Рамазанда жиі жіберетін қателігін атады

Танымал имам Тимур Әлиев ораза ұстаған ерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Имам қазақстандық ерлерді ауызашарды әйелімен және балаларымен бірге өткізуге шақырды. Оның пікірінше, бұл отбасылық қарым-қатынасты нығайтады.

Рамазан айында бауырлар бір-бірін жиі ауызашарға шақырады. Дәмханаларда немесе үйлерінде жиналады. Сол кезде ер азаматтар өздері ғана жұбайларынсыз жиналады. Олай болмаса, мешіттегі ауызашарларда уақыт өткізеді. Бұл уақытта отбасы назардан тыс қалады. Бұл кішкентай мәселе сияқты көрінгенімен, күйеуі ешқандай харам іс істеп жатқан жоқ, бірақ маған сеніңіздер, әйелдерден осындай мазмұндағы сұрақтар өте көп келеді, бұл олардың жан айқайы, – деді Тимур Әлиев.

Әлиев халал дәмханадан үстел брондап, ауызашарды балаларымен және жұбайымен бірге өткізуге кеңес берді.

Маған сеніңіз, бұл сіздердің қарым-қатынастарыңызға оң әсерін тигізеді,– деп мәлімдеді имам.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры айтулы халықаралық фестивальге қатысады

admin

Шымкент: Ғабит Сыздықбеков франциялық әріптестерін бірлескен жобаларға инвестиция жасауға шақырды

admin

«ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ — 2023» жас әншілер байқауы өтеді

admin