The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жетісуда ірі есірткі нүктесі жойылды: 111 орама гашиш тәркіленді

Жетісу облысында полиция жедел шара барысында есірткінің заңсыз өткізу арнасын тоқтатты. Талдықорғанда 34 жастағы күдікті ұсталып, жалдамалы пәтер мен сарайдан 111 қағаз орама гашиш тәркіленді. Тергеу жалғасуда, күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз сату дерегінің жолын кесті.

Бақылау сатып алу аясында заңсыз өткізу фактісі құжатталды: 34 жастағы ер адам сатып алушыға өсімдік тектес, ұнтақ тәрізді, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар екі орама затты сатқан. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 9 грамнан асты.

Сол күні Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтерде есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.

Санкцияланған тінту барысында Еркін ауылындағы тұрғылықты мекенжайында, шаруашылық құрылысында (сарайда) полиция қызметкерлері өсімдік тектес, ұнтақ тәрізді, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар 111 қағаз ораманы анықтап, тәркіледі. Алғашқы тексеру нәтижелері бойынша алынған заттың гашиш екені анықталды, — делінген облыстық ПД хабарламасында.

Тергеу әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі өтеді

admin

Түлкібас ауданында 600-ге жуық балаға мектепке жол акциясы аясында қолдау көрсетілді

admin

Ұлттық темір жол операторы халықтық ІРО-ға қашан шығады

admin