The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Еуразиялық автотасымалға ортақ талаптар енгізіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған келісім 2024 жылы 13 желтоқсанда Мәскеу қаласында қабылданған болатын. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер аумағында көлік құралдарының техникалық параметрлеріне қойылатын талаптарды біріздендіруге бағытталған.

Оны іске асыру халықаралық автотасымалдаушылар үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастырады.

Келісімнің негізгі мақсаттары:

– ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану;

–  Еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық автомобиль тасымалының тиімділігін арттыру;

– Автомобиль инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз ету;

– Жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту;

– Көлік қызметтерінің сапасын арттыру.

Жарлық транзиттік тасымалдарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстанның өңірдегі маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: жаңа замандағы білім беру бағытында дәстүрлі «ТАМЫЗ КЕҢЕСІ-2024» өтті

admin

Башқұрт белсенділерінің «Ақбозат» қозғалысы Украинадағы соғыстан бас тартқан жауынгерлерге көмектеспекші

admin

8 наурыз қарсаңында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері 21 625 теңгеден төлемақы алады

admin