The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалық

Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады

Палау туын көтерген танкер Оман жағалауында шабуылға ұшырап, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Теңіз қауіпсіздігі орталығы мәлімдеді.

«Skylight» танкері Мусандам провинциясындағы Хасаб портынан солтүстікке қарай бес теңіз милі қашықтықта шабуылға ұшырады. Экипаж құрамындағы 20 адамның барлығы – 15 үндістандық және бес ирандық эвакуацияланды, — деп мәлімдеді ведомство.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, олардың төртеуі жарақат алған, қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Иранның IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясының дерегінше, танкер бата бастаған.

Еске салайық, бұған дейін Ирандағы Ормуз бұғазы тек Иран мен Қытай флоты үшін ашық екенін жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қарт әжені алдап, ақшасын алған күдікті қолға түсті

admin

ШЫМКЕНТ: «Тұран» шағынауданында құрылыс қарқын алған

admin

Көрші ел президенті заңға өлім жазасын енгізуі мүмкін

admin