The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

20 миллионнан кейінгі серпіліс: Қазақстан халқы қаншаға жетті?

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады. Бұл ақпарат бюроның ресми сайтында шықты.

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен, — деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: жарты жылда ауыл шаруашылығында 216,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді

admin

Жетісуда жаңа үйлердің сылағы түсіп жатыр

admin

ТҮРКІСТАН: Нұрбол Тұрашбеков жеке қабылдау өткізді

admin