The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

8 наурыз қарсаңында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері 21 625 теңгеден төлемақы алады

8 наурыз қарсаңында Шымкентте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері 21 625 теңгеден төлемақы алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мерекелік қолдау мегаполисте 2026 жылдың 8 наурызына дейін тұрақты тіркеуде тұрған «Алтын» және «Күміс» алқалардың, «Батыр ана» атағы мен I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне көрсетіледі. Жалпы қала бойынша 14 267 ананы қаржылай қолдау жоспарланған. Бір реттік төлем мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш – 21 625 теңгені құрайды. Қаржы жергілікті бюджет есебінен бөлінген. Алқа иелерінің тізімі «Азаматтарға арналған үкіметтің» деректерінен алынды, — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға 10 813 теңгеден берілетіні хабарланды.

Сондай-ақ, Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген хабарланып, бұл өңірде 8 наурыз қарсаңында 9 мыңнан астам көпбалалы анаға 20 мың теңгеден берілетіні айтылды.

Ақмола облысында да мерекеге орай 3 849 көпбалалы анаға жалпы сомасы 73,9 млн теңгеге төлемақы қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 343 медальді иеленді

admin

2028 жылға қарай өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі қысқарады

admin

Талпыныс тәжірибесі

admin