Абай облысында әскери қызметші қайтыс болды

Абай облысында әскери қызметші техниканы пайдалану кезінде алған ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 5 наурыз күні болған.
Әскери техниканы пайдалану барысында қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметші көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеуде, – деп хабарлады Абай өңірлік гарнизоны.
Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Гарнизонда марқұмның туған-туыстарына белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетілетіні хабарланды.








