The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Дубайдың халықаралық әуежайлары жұмысты ішінара қайта бастады

Дубайдағы екі халықаралық әуежайды басқаратын мемлекеттік оператор – Dubai Airports олардың жұмысы ішінара қайта басталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компанияның мәлімдемесінде бірқатар рейс Дубай халықаралық әуежайынан (DXB) және Әл-Мактум – Дубай Уорлд Централ (DWC) әуежайынан орындалатыны айтылған.

Жолаушыларға әуе компаниясы рейсті нақты растаған жағдайда ғана DXB немесе DWC әуежайларына баруға кеңес беріледі. Өйткені рейстер кестесі үнемі өзгеріп отырады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Dubai Airports компаниясы тиісті органдармен бірлесе отырып, жағдайды тұрақты түрде бақылап отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, Дубайда екі халықаралық әуежай жұмыс істейді – DXB және DWC.

Ұқсас жаңалықтар

«Тынысы тарылған»: Семейде жатақхана студенттері жаппай уланып қалды

admin

ТҮркістандықтар «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасында өнер жұлдыздарының концертін тамашалады

admin

Бәйдібек: аудан әкімі Көктеректік тұрғындардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерді талқылады

admin